Елордалық ішкі істер департаментіне экономикалық колледжге бомба қойылғандығы туралы хабар түсті

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат - Елордада экономикалық колледжге бомба қойылғандығы туралы анонимді хабар түсті,

Елордалық   ішкі істер  департаментіне   экономикалық  колледжге  бомба  қойылғандығы туралы     хабар түсті
деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қоңырау Ішкі істер департаментінің пультіне кеше, ақпанның 25-і күні таңертең түскен. Сембинов көшесінде орналасқан колледж ғимаратында тексеру барысында ешқандай жарылғыш құрылғы табылған жоқ. Бұл - соңғы күндері құтқарушыларды дүрліктірген екінші қоңырау. Ақпанның 24-інде департаментке қоңырау шалған белгісіз біреу, ескі теміржол вокзалының ғимаратына бомба қойылғанын хабарлаған болатын. Жүргізілген арнайы іс-шаралар барысында ешқандай бомба табылған жоқ.