11:37, 04 Мамыр 2013 | GMT +5
Елордалық ҚАЖД қызметтік көліктерінің паркі жаңарды
АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Астана қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде қызметтік көліктердің паркі жаңарды.

Аталған департамент өкілі Бибігүл Мұңайтпасованың сөзіне қарағанда, 2012-2015 жылдары Қылмыстық атқару жүйесін дамыту бағдарламасын жүзеге асыру аясында бүгінде республикалық бюджет қаржысы есебінен Астанада орналасқан түзету мекемелерінің материалдық-техникалық базасы күшейтілуде.
Атап айтқанда, соңғы 10 жылда автокөлік алуға алғаш рет қаржы бөлінген.
Жаңа «НИВА», «ЛАДА-21214», «KIA Cerato Luxe» көліктерінің, сондай-ақ изотермалық жабыны бар ГАЗ-3302, УАЗ-396295-338 вакуумды машинасының, ГАЗ-САЗ 35071 жүк көлігінің кілтін бүгін колония бастықтарына Астана бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Толқын Нарымбиев тапсырмақ.