Елордалық құқық қорғаушылар ірі көлемде есірткі затын саудаламақ болған азаматты құрықтады

АСТАНА. Наурыздың 27-сі. ҚазАқпарат - Елордалық құқық қорғаушылар 2 келіден астам есірткі затын саудаламақ болған 43 жастағы азаматты құрықтады.

Елордалық құқық қорғаушылар ірі көлемде есірткі  затын саудаламақ болған азаматты құрықтады

Бұл туралы Астана қалалық ішкі істер департаментінің тіл саясаты және ақпарат бөлімінен хабарлады.

«Допинг» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері Мақтұмқұлы көшесінде орналасқан пәтерлердің бірінен есірткі затын саудаламақ болған азаматты тұтқындаған. Оның жеке заттарын тексеру барысында 5 граммға жуық есірткінің ең ауыр түрі - героин тәркіленген.

«Аталған іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде мүлкін тәркілеу арқылы 10-нан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған қылмыстық іс қозғалды», делінген баспасөз хабарламасында.