Елордалық құтқарушылар бір түнде 160 адамға көмек көрсетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі шаһардан шығатын автожолдардың барлық бағыты бойынша көлік қозғалысы ашылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты жазды.

«30 наурыз күні таңғы сағат 8.00-ден бастап ауа райының тұрақталуына байланысты Нұр-Сұлтан қаласынан автожолдардың барлық бағыты бойынша көлік қозғалысы ашылды. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты қалалық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Өткен түнде ауа райының нашарлауына байланысты (боран, екпінді жел, нашар көріну, көктайғақ) елордалық құтқарушылар күшейтілген режимде жұмыс істеп, 35 рет шақыртуға шықты. Онда қала және қаланың жақын маңындағы учаскелерде авариялық-құтқару операцияларын жүргізу кезінде 160 адам, оның ішінде 52 бала құтқарылды», - деп жазылған ресми мәліметте.

Ал қала аялдамаларында автобус күтіп қалған азаматтарды жеткізу үшін 25 жергілікті вахташы жұмыс істеген.

«Блок-бекеттерде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ТЖД қызметкерлері полиция департаментімен бірлесіп тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.

«112» желісіне 2175 қоңырау келіп түсті. Сондай-ақ 29 наурыз күні сағат 18:20-дан бастап 30 наурыз сағат 6.00 аралығында қатты жел, боран салдарынан болған жағдайлар бойынша 18 хабарлама тіркелді. Оның ішінде ағаштың құлауы, шамдардың сынуы, шатырдың бүлінуісияқты ақаулар болған. Барлық ақаулар меншік иелерінің күшімен жойылады. Қатты желдің салдарынан қалалық ауруханаларға 3 адам жүгінген, оның ішінде бір бала бар», - делінген ТЖД хабарламасында», - деп жазады әкімдік сайты.

Ресми ақпарат бойынша, авариялық-құтқару жұмыстарына департаменттің жеке құрамынан 40 адам мен 15 техника жұмылдырылған.

«Елорда тұрғындары мен қонақтарына ауа райының өзгеруін және енгізілген шектеулерді қадағалап, дауылды ескерту жарияланған жағдайда қаладан тыс жерлерге барудан бас тартып, қырағы болуға кеңес береміз.

Жел күшейген жағдайда ешқайда шықпауды кеңес етеміз. Балаларыңызға абай болыңыз, оларды қараусыз қалдыруға болмайды. Егер қатты жел кезінде көшеде болсаңыз жерасты өткелдеріне немесе ғимараттардың кіреберісіне жасырынғаныңыз жөн. Қатты желден үйлердің қабырғаларына жақын жасырынбаңыз, өйткені шатырлардан шифер мен өзге де заттар құлауы мүмкін.

Төтенше жағдай туындағанда «112» телефонына қоңырау шалыңыз», - деп хабарлайды қалалық ТЖД», - деп жазылған мәліметте.

«Қазгидрометтің» бүгінгі мәліметі бойынша еліміздің Шымкент қаласынан басқа өңірлерінде дауылды ескерту жарияланды. https://kaz.inform.kz/news/kazakstannyn-shymkentten-baska-barlyk-onirinde-dauyldy-eskertu-zhariyalandy_a3916882


Соңғы жаңалықтар