Елордалық құтқарушылар «Қауіпсіздік балалар көзімен» акциясын ұйымдастырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күніне орай елордалық құтқарушылар «Қауіпсіздік балалар көзімен» акциясын ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалық құтқарушылар «Қауіпсіздік балалар көзімен» акциясын ұйымдастырды

Балалардың жарақаттануы мәселесіне назар аудару, балалардың төтенше жағдайларға ұрыну жағдайларының санын азайту және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өткізілген іс-шараға Төтенше жағдайлар вице-министрі Марат Күлдіков арнайы қатысты.

«SOS» балалар ауылының тәрбиеленушілері қатысқан іс-шара барысында құтқарушылар балаларға түрлі аниматорлардың көмегімен концерт қойып, мерекелік көңіл-күй сыйлады, ойыншықтар мен сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ балаларға жылжымалы дала асханасынан ыстық тағам, жайылған дала шатырында тәттілер ұсынып, кинологиялық есептеулердің, құтқарушы-сүңгуірлердің көрсетілімдері ұсынылды. Өрт сөндіру техникасымен және өрт сөндірушілердің жауынгерлік жабдықтарымен таныстыру ұйымдастырылды.