Елордалық құтқарушылар су тасқынына қарсы шаралар өткізуде
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшесі Ақмола облысының Астраханка кентіне 6 техника және 24 жеке құраммен шықты. Астраханка кентінде қар суын тарту жұмыстары жүргізілген болатын. Барлығы 530 текше метр қар суы шығарылды. Бұл туралы елорда әкімдігің ресми сайты хабарлады.
Жұмыс аяқталған соң бөлімшелер Целиноград ауданындағы Қоянды кентіне ауыстырылып, қазіргі кезде су тарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. 10 сәуірге дейін барлығы 9882 текше метр су тартылды. Бұл ауданда жұмыстар жалғасуда.
Астана қаласы аумағында қалалық ТЖД «Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі» ММ бөлімшелері Үркер шағын ауданындағы үй аулаларына инертті материалы бар ыдыс-қаптарды үйіп бекіту жұмыстарын жасады. Барлығы 100 метр ұзындықта, инертті материал салынған 500 қап пайдаланылды. 2 техника мен 15 жеке құрам тартылды. Сонымен қатар, Ш. Бейсекова көшесі мен Қорғалжын тас жолының қиылысындағы құрғату құдығынан қар суы тартылды. Барлығы 1584 текше метр қар суы тартылды. Жұмысқа 2 техника мен 12 жеке құрам қатыстырылды.
Елордалық өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі су тасқыннына қарсы шараларды жалғастыра отырып, ескертеді:
Температураның жоғарылауына байланысты жеке сектор тұрғындары
- ауладағы қарды уақытылы күреп отыруы;
- ауладағы суды шығару үшін арықтар қазып, бар арықтарды тазалап отыруы;
- құм мен қиыршық салынған қаптардан қорғаныс жасауы қажет.