Елордалық мәслихат депутаттары құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру бөлімдеріне барды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласы мәслихатының төрағасы Ерлан Каналимов пен депутаттар тобы Үркер және Көктал шағын аудандарында құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру бөлімшелеріне барды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жергілікті атқару органдарының қолдауымен салынып жатқан өрт сөндіру бөлімдерінің құрылыстары 2021 жылы басталған.
«Үркер шағын ауданында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құрылысы жүріп жатқан өрт сөндіру депосы 2 шығуға арналған. Көктал шағын ауданына қызмет ететін өрт сөндіру депосы 4 шығуға арналған және жанында пәтер үлгісінде қызметкерлерге арналған қызметтік жатақхана салынуда. Құрылыстардың аяқталуы 2023 жылдың төртінші тоқсанына жоспарланған», - деп хабарлады ТЖМ-нан.
Депутаттардың осы өрт сөндіру деполарына келуінің басты мақсаты құрылыс барысымен танысып, проблемалық мәселерін талқылау болып отыр.