Елордалық мектепте Білім күніне арналған салтанатты шара өтуде

АСТАНА. Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Құралай Орынбекқызы/ - Бүгін Астана қаласының №3 мектеп-гимназиясында Білім күніне арналған салтанатты шара өтуде,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мектеп мерекесіне 1-ші сынып бүлдіршіндерінен бастап жоғарғы сынып оқушылары, олардың ата-аналары, мектеп ұжымы жиналып отыр. Шара барысында білім ордасының басшысы, түлектері сөз сөйледі.

Сонымен қатар, салтанатты шарада мектепке алғаш рет барып отырған оқушыларға жол ережелері, жол-көлік апаттары туралы қысқаша ақпарат берілді. «Астана қаласы Жол полициясы атынан сендерді құттықтай отырып, жаңа оқу жылында зор денсаулық, оқуда озат болуларыңды тілейміз. Балалар, елордамыз күн санап өсуде, халық саны мен көлік саны да артып келеді. Осыған байланысты, жолда жүргенде өте сақ болу қажет. Жол полициясы қызметкерлері елорда жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында белгілі шараларды қолға алуда», - деді Астана қаласы Жол полициясы Ұйымдастыру-сараптамалық және алдын алу жұмыстары бөлімінің бастығы полиция майоры Марат Тұяқбаев.

Сондай-ақ мектеп жанынан оқушылардан тұратын инспекторлар бөлімі құрылған. Оның 11 мүшесі бар. Жас инспекторлар мектеп аясында жол қауіпсіздігі ережелерін насихаттайды және жүйелі түрде мектеп жанындағы жолды қадағалайды.

Соңғы жаңалықтар