Елордалық мектепте өрт болды - Төтенше жағдайлар министрлігі

АСТАНА.   Желтоқсанның  8-і. ҚазАқпарат -  Елордалық   орта мектепте   өрт   болып,  15 адам   жедел көшірілді,

Елордалық   мектепте  өрт болды -  Төтенше жағдайлар  министрлігі

деп  хабарлады  Төтенше жағдайлар  жөніндегі министрліктің баспасөз қызметінен.

Төтенше оқиға  қала маңындағы  Көктал-1  кентіндегі  №40  мектептің  үшқабатты  ғимаратында,  дүйсенбі күні сағат 14.06-да    болды.  «Ғимараттың  бірінші  қабатында орналасқан  кабинеттердің бірінде  6 шаршыметр  ауданды  өрт шалды»,  деп     хабарлайды       төтенше жағдайлар   ведомствосынан.

Құтқарушылардың  мәліметтері  бойынша,      шкаф  өртенген.  Құрбан болғандар  мен  зардап шеккендер  жоқ.   Өрт     елордалық   өрт  сөндіру  қызметі  департаментінің: 37 адам  мен 5 техниканың   күшімен   жарты сағаттың ішінде ауыздықталды.