Елордалық Мемлекеттік филармонияның әртістері колонияда өнер көрсетті

СТАНА. Тамыздың 19-ы. ҚазАқпарат /Ғалымжан Хасенов/ - Бүгін елордалық Мемлекеттік филармонияның әртістері астананың шетінде орналасқан қатаң тәртіптегі колонияда өнер көрсетті, деп хабарлайды Астана қалалық ҚАЖК департаментінен.

Елордалық Мемлекеттік филармонияның әртістері колонияда өнер көрсетті

ҚАЖК департаменті бастығының орынбасары Ермекбай Қожахметов хабарлағандай, аталмыш қайырымдылық концерт Қазақстан Констиутциясының 15 жылдығына арналды. Оның ойынша, сотталғандар үшін осы тәріздес жаппай мәдени іс-шаралар нағыз мереке болып табылады, ол, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі жедел ахуалдың тұрақтылығын сақтауға өзінің елеулі әсерін тигізеді.

Концертке «Нұр Отан» ХДП, елорданың әділет департаментінің өкілдері, Қоғамдық бақылау комиссиясының, Астана қалалық Мәдениет басқармасы мен БАҚ өкілдері қатысты, деп атап өтті Е.Қожахметов.