03:28, 27 Қараша 2015 | GMT +5
Елордалық оқушылар «Елбасы - ел тірегі» зияткерлік сайысында бақ сынады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ел мерейін асқақтатар мерекелеріміздің бірі әрі бірегейі ол - ҚР Тұңғыш Президенті күні. Осыған орай 26 қараша күні елордада Әлкей Марғұлан атындағы №40 орта мектепте 8-9 сыныптар арасында «Елбасы - ел тірегі» зияткерлік сайысы өтті, деп хабарлайды Астана қалалық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

Бес кезеңнен тұратын сайыстың әр кезеңі ел тарихымен, Елбасы өмірімен тығыз байланысты болды. «Тәуелсіздік шежіресі» алғашқы айналымында тәй-тәй басқан Қазақ тарихының айтулы даталары жасырылса, екінші кезең «Бәйге» - Елбасы өмірі мен қызмет жолына арналды. Президент арманынан туған Алаштың астанасы - ару қала да сайыстан тыс қалмады.
Оқушылар экранда жасырылған қаланың әсем ғимараттарының атауын ғана емес, мемлекеттік маңызын түгел дерлік білетіндіктерін дәлелдеп, бесінші кезеңдегі ел басқарудағы заң нормаларынан да сүрінбей өтті. Сайыс қорытындысында 9 «В» сыныбы оқушыларынан құралған «Алаш» командасы І орынды иеленді.