Елордалық оқушылар халықаралық жобалар жарысында 31 медаль еншіледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық оқушылар халықаралық жобалар жарысында 31 медаль еншіледі, деп хабарлайдв елорда әкімдігінің ресми сайты.
8 - 11 сәуір аралығында Алматы қаласында Сулейман Демирель Университетінде өткен «Infomatrix-Asia Pacific» халықаралық жобалар жарысына Астана қаласының оқушылар командасынан 26 жобамен 49 оқушы қатысты.
Байқау қорытындысы бойынша Астана қаласының оқушылары 4 Гран-при, 2 оқушы І орын, 7 оқушы ІІ орын, 18 оқушы ІІІ орын алды.
Бұған дейін астаналық оқушылар республикалық және халықаралық ғылыми жарыстарда талай мәрте олжалы болған. 2014-2015 оқу жылында елордалық оқушылар халықаралық олимпиадалардан 150 медаль еншіледі. Соның ішінде 26 алтын, 34 күміс, 90 қола.