Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін математикадан XVII Батыс-Қытай олимпиадасының жабылу салтанаты өтті. Аталмыш олимпиада 11-16 тамыз аралығында ҚХР, Сычуань елді мекеніне қарасты Наньчун қаласында өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің баспасөз қызметі.

Елордалық оқушылар ҚХР-да өткен олимпиадада 4 алтын медаль жеңіп алды

Олимпиадаға Қытай, Индонезия, Филиппин, Сингапур және Қазақстан елдерінен 345 жас математик қатысты. Қазақстанның құрама командасы атынан дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектептің 4 оқушысы қатысты.

Олимпиада қорытындысы бойынша, Астана құрама командасының қоржынында 4 алтын медаль бар. Алтын медальға ие болғандардың бірі - Астана қаласы «Бiлім-инновация» лицей-интернатының 10 сынып оқушысы Құдайберген Әлихан жарыс барысында бәрінен озып, жоғары нәтиже көрсетті.