Елордалық оқушылар коронавирусқа қарсы екпені қайда салдырады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық оқушылар коронавирусқа қарсы екпені қайда салдырады? Бұл сұраққа Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тимур Мұратов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Елордалық оқушылар коронавирусқа қарсы екпені қайда салдырады

Қалалық мәслихаттағы тұрақты комиссияның отырысында депутаттар коронавирус инфекциясына қарсы вакциналауға қатысты оқушылардың ата-аналарын ақпараттандыру жұмыстары белсенді түрде басталғанын атап өтті.

Отырыста мәслихат депутаттары мектеп оқушыларын вакциналауды мектептерде емес, емханаларда жүргізуді сұрады, өйткені ата-аналардың вакцинаға келісімі қажет және балаларын өздері ертіп жүруі керек.

«Бірінші кезеңде біз міндетті түрде тек емханада вакциналаймыз, өйткені вакцина жаңа, оны жан-жақты қарастырамыз. Әрі қарай балалар жаппай вакцина алуды қаласа, орын мәселесін шешуге тырысамыз», - деп жауап берді Тимур Мұратов.