Елордалық оқушылар республикалық байқауда 5 алтын, 15 күміс, 18 қола медаль жеңіп алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының құрама командасы жалпы білім беру жобалары бойынша оқушылардың ғылыми жобалары республикалық конкурсында бірінші орынға ие болды. Бірнеше жыл қатарынан астаналық команда «алтын» иеленіп, «Үздік команда» атағына ие болуда, деп хабарлады қалалық білім басқармасынан.
None
None

Астаналық оқушылар 5 алтын, 15 күміс, 18 қола медаль мен 6 грамотаны қанжығаларына байлады. 5 алтынның  4-еуін №60 мектеп-лиейінің оқушылары, біреуін Астана қаласының №1 мектеп-лицейінің оқушысы иеленді. Екінші орындарды №60 мектеп-лицейінің 5 оқушысы мен 2 орынды «Қазақ-түрік лицейі» мен «Нұрорда» мектеп-лицейінің оқушылары бөлісті, бір-бірден күміс жүлдені №1, 27, 54, 59, 63, 78 мектептердің оқушылары алды.

Конкурс қорытындысы бойынша еліміздің құрама командасы өз жұмыстарын биылғы 2016 жылы 8-13 мамырда Феникс қаласында (Аризона, АҚШ) өткізілетін жыл сайынғы Intel ISEF-2016 оқушылардың ғылыми жобалар халықаралық байқауына ұсынады. Intel ISEF-2016 сертификатын №60 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Әлібек Мұқанов иеленді.

Жас зерттеушілердің 600-ға жуық ғылыми жұмыстары Конкурстың қорытынды сатысына қатысты. Оның ішінде Астана қаласының 77 оқушысы автор болған 59 астаналық жоба да бар.

Ведомствоның атап өтуінше, ертең сағат 15.40-та конкурс жеңімпаздарын Білім басқармасының өкілдері, мектептердің басшылығы мен ата-аналар Астана вокзалынан салтанатты түрде күтіп алады. 

Соңғы жаңалықтар