Елордалық оқушыларға 34,5 мың компьютер сатып алынады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тұрмысы төмен отбасыдан шыққан оқушыларды компьютермен қамтамасыз ету үшін 6 млрд теңге бөлінді.
None
None

Бұл туралы педагогика қызметкерлерінің тамыз кеңесінде елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елордалық барлық білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылы қашықтан басталады. Ата-аналардың өтініші бойынша 1-4 сынып оқушылары үшін «кезекші сыныптардың» жұмыс істеуін жоспарлап отырмыз. Бұл ретте барлық санитарлық шаралар қатаң сақталады. Педагогтердің 30 пайызға жуығы штаттық режимде, оның ішінде кезекші топтарда сабақ беру үшін жұмысқа шығады», - деді ол.

Оның айтуынша, халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балалар қыркүйекте компьютерлермен және роутерлермен қамтамасыз етілетін болады.

«Осы мақсатта 6 млрд теңге бөлінеді. Бұдан басқа, бірқатар әлеуметтік шаралар қолға алынды. Атап айтсақ, жалпыға міндетті оқу қоры аясында әрбір оқушыға мектеп құралдарын сатып алуға 40 мың теңгеден бөлеміз. 7 мың бала «Мектепке жол» акциясымен қамтылады. Сондай-ақ, балабақшалардағы «кезекші топтардың» жұмысын жалғастыруды жоспарлап отырмыз», - деді Алтай Көлгінов.


Соңғы жаңалықтар