Елордалық оқушыларға жол қауіпсіздігі ережелері мультсериалдардың көмегімен оқытылады
АСТАНА. 8 қаңтар. ҚазАқпарат - Жаңа жылдың алғашқы оқу күні, 9 қаңтарда «Арсенал» кинотеатрында жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы оқытатын алғашқы анимациялық сериалдың тұсаукесер көрсетілімі өтеді. Бұл туралы Астана қаласының ресми сайты Жол полициясы басқармасына сілтеме жасап хабарлады.
Анимациялық фильмнің басты кейіпкері - жан-жақты Жолдос кез келген жай адамдарда кездесе бермейтін қабілетімен дараланады: асқан күш иесі, кеңестікте желмен жарысқан желаяқ. Ол сериал кейіпкерлерін жол қауіпсіздігіне үйретіп қана қоймайды, апатты жағдайлардың қалай алдын алуға болатындығын да біледі.
«Қазақстан үшін аталған жобаның бірегейлігі сонда, мультфильмдер жолда жүру ережесін оқытудың интерактивтік түрі болып табылады. Әрі ол қазақ және орыс тілдерінде «сөйлейді», - делінген хабарламада.
Алғашқы көрермен қала мектептерінің 600-ден астам оқушысы болмақ. Тұсаукесерге Қазақстанның бокстан еңбек сіңірген спорт шебері, ХХХ Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Марина Вольнова, тағы басқалар қатысады.