Елордалық полицейлер жоғалып кеткен Арыстан Меңдібаевты тапты

АСТАНА  ҚазАқпарат - Елордалық полицейлер іздеу шараларын жүргізу кезінде Арыстан Меңдібаевты тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА.

Елордалық полицейлер жоғалып кеткен Арыстан Меңдібаевты тапты

Ер адамды іздеуге Ішкі істер департаментінің жеке құрамы жұмылдырылды. Қазіргі таңда ол үйінде. Жағдайы жақсы.

Айта кетейік, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінде Дана Круглова атты қолданушы өзінің парақшасында әкесінің жоғалып кеткенін хабарлаған еді.

«Менің әкем жоғалып кетті. Меңдібаев Арыстан Қапсебайұлы. 1948 жылы туған. Бойы 180 см. Ол 1 қараша күні күндіз таксимен Қарағнадыдан Астанаға жол тартқан. Такси жүргізушісі оны «Учхоз» ауданында түсіріп кеткен. Ол қара көк күртке, қаракүзен бас киімін, қара джинс киген», - деп іздеу салған болатын Дана Круглова.