Елордалық полиция қызметкерлері «Анар» дәмханасы қасында орын алған адам өлтіру қылмысын ашты
АСТАНА. 27 шілде. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордалық полиция қызметкерлері «Анар» дәмханасы қасында орын алған адам өлтіру қылмысын ашты.
Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің басшысы Нұрділдә Ораз мәлім етті.
«Астаналық полицейлер 17 шілдеде «Анар» дәмханасының қасында орын алған адам өлтіру қылмысын ашты. Дәмханаға келген және көшеде өтіп бара жатқан адамдар арасында келіспеушіліктен төбелес шыққандығы анықталды», - деді ол.
Оның айтуынша, төбелес барысында көшеден өтіп бара жатқан азамат қарсыласына пышақ салған. Соның салдарынан 26 жастағы азамат оқиға орнында қаза тапты.