Елордалық полиция қызметкерлері веложарыс өткізді
АСТАНА. 22 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан полициясы күні мерекесіне орай бүгін елорданың 400 полицейінің қатысуымен веложарыс өтті.
Бұл туралы қалалық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Спорттық шараға департамент басшысы, генерал-майор Амантай Әубәкіров және ведомствоның бөлімше басшылары мен қызметкерлері қатысты. Іс-шара велоспорт пен салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Марафон алдында Амантай Әубәкіров ІІД қызметкерлерінің мұндай спорттық шараларға белсене қатысатындығын баса айтты.