Елордалық сауда орталығына жалған терроризм туралы хабарлаған адам бір жарым жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана тұрғыны жалған терроризм үшін сотталды, деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметінен.
None
None

2016 жылы 30 маусымда алкогольдік ішімдік ішіп, мас болған М. Астана қаласындағы сауда орталығында («SINE TEMPORE»)  лаңкестік жасауға дайындалып жатқанын хабарлаған.

Оқиға орнына жеткен құқық қорғау органдары бұл ақпаратты растамады.

Астана қ. Алматы аудандық №12 сотының үкімімен  М. 1 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Ол жазасын жалпы тәртіптегі түрмеде өтейді.

Үкім заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар