Елордалық шенеуніктер қала тұрғындары үшін ақысыз көшпелі консультациялар жүргізді

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - Астаналық шенеуніктер мен заңгерлерінің тобы қала тұрғындары үшін ақысыз көшпелі консультациялар жасады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Астананың әділет департаментінің бастығы Қанат Мусин айтты.
None
None

Ақпараттық-насихаттау тобы әділет, сот орындаушылары, нотариус қызметкерлерінен, адвокаттардан, Жылжымайтын мүлік орталығы өкілдерінен, жер қатынастары, көші-қон полициясы, еңбек және әлеуметтік бағдарламалар, білім беру мекемелері өкілдерінен құралды.

«Біз азаматтарға тегін кеңес беру, зейнеткерлер мен мүгедектерді, жетім балаларды, көп балалы отбасыларды және басқа да құқықтық көмекті қажет ететін азаматтарды қолдау мақсатында «Әділет консультация береді» атты акцияны тоқсан сайын өткізіп тұрамыз»,-деді Қ. Мусин.

Соңғы екі күнде мамандар елорданың бірқатар аудандары мен қала маңындағы елді мекендерде, сондай-ақ түзету мекемелерінде болды. Бүгін бұл топ әділет департаментінде консультациялар өткізуде. Алдын ала мәліметтер бойынша бүгінгі акция барысында 200 адам құқықтық кеңес алған көрінеді.

Соңғы жаңалықтар