Елордалық соғыс ардагерлері баспаналы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімдігінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне пәтер кілттері табыс етілді.

Елордалық соғыс ардагерлері баспаналы болды

«Бүгін біз Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлерімізге пәтер кілттерін табыс етейік деп отырмыз. Ең бірінші кезекте Наурыз мейрамы қарсаңында сіздерге зор денсаулық, туған-туыстарыңызға береке-бірлік тілейміз. Көктем мейрамы - Наурызды сіздер отбасыларыңызбен жаңа баспанада қарсы алатын боласыздар. Бүгінгі ұрпақ сіздердің ерліктеріңізде еш уақытта ұмытпайды. Бүгінгі таңда біздер сіздердің арқаларыңызда тұрақты даму жолына түскен мемлекетте өмір сүрудеміз», - деді ардагерлерге пәтер кілттерін табыстаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Андрей Лукин.

Айта кетейік, елорда әкімдігі ақпаратына қарағанда, бүгінде Астанада баспанасыз 6 Ұлы Отан соғысының ардагері тіркелген. Олардың барлығы бүгін баспаналы болды. Оларға пәтер «Тілендиев» және «Мұнар» тұрғын үй кешендерінен беріледі.

Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды
Ұқсас жаңалықтар

Ертіс өзенінде әкесі мен баласы құтқарылды