Елордалық спортшы Қазақстан тарихында алғаш рет үстел теннисінен ITTF World Tour жеңімпазы атанды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кирилл Герасименко Қазақстан тарихында алғаш рет ITTF World Tour финалына қатысып, чемпион атанды, деп хабарлайды Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы.
Будапешт қаласында үстел теннисінен осы маусымдағы бірінші әлемдік тур аяқталды. 21 жасқа дейінгі топта Астана қаласы әкімдігінің Мамандандырылған жоғары спорттық шеберлік мектебінің өкіілі Кирилл Герасименко ақтық сында 3:2 есебімен француз Аккузу Каннан басым түсті.
«Әлемнің мықтыларынан айламды асырып, чемпион атанғаныма қуаныштымын. Соңғы ойындарда күрес қиынға соқты. Бірақ осындай мүмкіндікті жібермеуге тырыстым, қиын сәттерде ата-анам, ағаларым туралы ойладым, олар да мен сияқты споршылар», - дейді Кирилл Герасименко.