Елордалық спортшылар ортаазиялық лигада атпен кедергіден секіруден әлем кубогында 3 алтын медаль еншіледі

АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бішкекте ортаазиялық лиганың атпен кедергіден секіруден әлем кубогының бірінші кезеңі аяқталды.
None
None

Турнирде Қазақстан атынан шыққан елордалық команда ерекше өнер көрсетті. Бұл туралы astana.kz сайтына қалалық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасынан хабарлады.

«Жарыстағы түрлі санаттағы кедергілерді бағындыруда үш бірінші орын астаналық №7 ат спорты мектебінің тәрбиеленушілеріне берілді. Кезең иелерінің өздерін таң қалдырған Ержан Мағжаев бірінші орын тұғырына екі рет көтерілді», - деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Тағы бір «алтынды» астаналық спортшы Виктория Котина иеленді. Басқарманың мәлімдеуінше, астаналық спортшылардың арасында командалық досы Ержан Мағжаевқа жол беріп, өзі күміс жүлдегер атанған Нұрболат Қартқожин да бар.

Бішкекте Әлем кубогынан өзге спорты бойынша Қырғызстан Президентінің Кубогы мен Достастық Кубогына сайыс өтті.

«Турнир аясында өткен командалық бәсекеде Өзбекстаннан келген команда бірінші орынға шықты. Достастық кубогын жекелей есепте қазақстандық Петр Соловьев жеңіп алды», - делінген ведомство ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар