Елордалық стационарларда іс жүзінде ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы орташа жоспардан біршама төмен екендігі анықталды

АСТАНА. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Елордалық стационарлардың қаңтардағы жұмыс нәтижелеріне сараптама жасау барысында іс жүзінде ауруларды емдеуге бөлінетін қаржы орташа жоспардан біршама төмен екендігі анықталды.
None
None

Бұл емделген аурулар жоспарын орындау барысында қаңтар айына бөлінген қаржыны толық игере алмауға жол беруде. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» ХДП-ның Астана қалалық филиалында өткен «Астана қаласында бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізу туралы» деген тақырыппен өткен дөңгелек үстел барысында қалалық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Лаура Ахметниязова айтты.

Оның атап өтуінше, қаражатты игере алмаудың негізі себебі нозологиялық қатар бойынша медико-экономикалық тарифтердің, оның ішінде босануға көмектесетін ұйымдардың, күндізгі стационарлардың құны іс жүзіндегі шығындардан төмен болып отыр.

«Осыған орай, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін одан ары сәтті енгізу үшін соңғы нәтиже бойынша медицина қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру тетіктеріне, медициналық қызметтер тарифтік ставкаларын арттыруға байланысты бірқатар проблемаларды шешу қажет деп санаймыз. Бізге еліміздің Денсаулық министрлігінің қазіргі уақытта осы мәселені көтеріп отырғандығы белгілі», деп атап өтті Л.Ахметниязова.

Соңғы жаңалықтар