Елордалық студенттер құқық қорғау органдарына қоғамдық тәртіпті қадағалауға көмектесетін болады

АСТАНА. Ақпанның 20-сы. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалында елордалық құқық қорғау органдары басшыларының қатысуымен «Сақшы» жобасы іске қосылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Сақшы» жобасына заң мамандықтары бойынша оқитын студенттер қатыстырылады және олар құқық қорғау органдарының қоғамдық көмекшілері болып табылады. Жобаның мақсаты ? заң факультеттері студенттерінің біліктілігін көтеру, жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық қорғау органдары мен өртке қарсы қызметке кадрлық резервті жасақтау және қаладағы қылмыс деңгейін азайтып, оның алдын алу. Студенттер алдын-ала келісілген меморандумға сәйкес ішкі істер, экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, төтенше жағдайлар мен әділет департаменттерінде, сондай-ақ қалалық сотта тәжірибе жинақтайтын болады. Жобаны жүзеге асыру барысында студенттер арасында іріктеу жүргізіліп, олар белгіленген бағыттар бойынша топтарға бөлінетін болады. Әрбір топ арнайы оқыту тренингтерінен өткеннен кейін құқық қорғау органдарының қоғамдық көмекшісі дәрежесіне ие болады да, алдын-ала дайындалған бірлескен жобаға сәйкес қызметке кіріседі. Астана қалалық Ішкі істер департаментінің бастығы Марат Демеуовтың айтуынша, аталмыш жоба - тәртіп сақшыларына қоғамдық тәртіпті сақтауда, оқушы, студент жастар арасындағы есірткі саудасымен күресуге, тергеу жұмыстарын жүргізуге қосымша көмекші күш. «Мектеп инспекторлары қылмысты алғашқы сатыда анықтаумен және тәрбиеге қиын көнетін жастармен жұмыс істейтін болса, қоғамдық тәртіпті сақтаушылар өздерінің білім алатын және тұрғылықты жерлеріндегі тәртіпті қадағалайды», - дейді ол.
Соңғы жаңалықтар