Елордалық студенттер медициналық сақтандыруды қолдап флешмоб ұйымдастырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана медициналық университетінің студенттері міндетті медициналық сақтандыруды қолдау мақсатында флешмоб ұйымдастырды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

Университеттің дәріс залында 120-дан астам студент  «МӘМС» әріптері бейнесінде сап түзеп, белгілі бір тәртіппен өз орындарына отырды. Ақ халат киген болашақ дәрігерлер өз орындарына отырып, флешмобтың ұранын айтты: «Болашақ дәрігерлер «МӘМС-ті» қолдайды!». Университеттің корпоративтік коммуникациялар бөлімінің бастығы Динара Қожахметова флешмобқа бір апта дайындалғанын хабарлады.

«Бұл флешмобты ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен,  жастар істері бойынша деканаттың қолдауымен корпоративтік коммуникациялар бөлімі ұйымдастырды. Ол Қазақстанда МӘМС енгізуді қолдау үшін ұйымдастырылды және шара алдында студенттерге осы тақырыпқа дәріс оқылды», - деді ол.  

Соңғы жаңалықтар