Елордалық үш мектеп ҰБТ бойынша Қазақстанның үздік мамандандырылған мектептерінің ондығына кірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы жылы ҰБТ орташа баллы қорытындылары бойынша Қазақстанның мамандандырылған үздік мектептерінің ондығына бірден елордалық үш мектеп кірді. Олардың арасында - №82 «Дарын» мамандандырылған лицейі (орташа балл - 112,8), №9 «Зерде» дарынды балалар мектебі (112), «Қыздарға арналған қазақ-түрік лицей-интернаты» (111,3) бар. Бұл туралы Астана қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

Астанада дарынды балаларға арналған 5 мектеп (Қазақстанда олар - 124) бар. Олардың ішінде - «Дарынды ұл балалар үшін қазақ-түрік лицейі» мен №81 дарынды балаларға арналған  Astana English School гимназиясы жұмыс істейді.

Өткен жылы елордалық мектептердің арасында №9 «Зерде» дарынды балалар мектебі ҚР-ның үздік мамандандырылған орта білім беретін оқу орындарының ондығына кірген болатын. 

Соңғы жаңалықтар