Елордалық жастарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 18-22 сәуірде Астанада «Азия» бизнес орталығында (Әуезов к-сі, 8) жастарға арналған жұмысқа орналастыру бойынша тегін тренинг өткізіледі. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Елордалық жастарға жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі

Оған 18-29 жастағы кез келген қала тұрғыны қатыса алады. Жастарды жұмысқа орналастыру жөніндегі семинарлар барысында ең бірінші саты - жұмыс іздеуден бастап, мансаптық баспалдақпен көтерілу ережелерімен және жолдарымен таныстырады. Жобаның негізгі міндеттері - жастардың ұйымдастырушылық, шығармашылық және басқа да қабілеттіліктерін дамыту, сондай-ақ, басқару дағдыларын, өз позициясын құру және оны қорғау шеберлігін үйрету.

Шараны ұйымдастырушы - Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» жастар ресурстық орталығы Жастардың кәсіби және жеке дағдыларын дамыту мектебі.

Айта кетейік, бір жылда 300 адамды қамту жоспарланып отыр. Тренингтер сағат 18:00-21:00 өтеді. Барлық қатысушыларға тренинг аяқталған соң сертификаттар беріледі.

Анықтама телефондары: +7 707 879 82 65, +7775 143 64 67.