Елордалық жексенбілік мектепте украин тілінің күні атап өтілді

Зерттеушілер, украин жазба тілі дәл осы жылнамашыдан басталды деп санайды», дейді украин жексенбілік мектебінің директоры Людмила Пневская.
Украин тілі мен жазуының күні қарашаның 9-ында атап өтіледі, бірақ бұл күні «Ватра» ұлттық-мәдени орталығының жанындағы жексенбілік мектепте оқитын балалар каникулда болатындықтан, аталмыш мерекені ертерек атап өту туралы шешім қабылданған.
Балалар өлең оқып, әндер орындады, жұмбақтар шешті. Оқушыларды мерекемен аға буын өкілдері - «Червона калына» фольклорлық ансамблінің әртістері де келіп құттықтады.
«Ватра» ұлттық-мәдени орталығының төрағасы Тарас Чернега мектеп мұғалімдеріне еңбектері үшін алғыс айтты және жиналған қауымды мерекемен құттықтады. Украинаның Қазақстандағы Елшілігінің хатшысы Марина Минеева мен «УкрТрансНафта» компаниясының өкілі Валентина Гайдукевич қатысушыларға өз сыйлықтарын табыс етті.
«Сіздер Қазақстанда тұрғанымен, Украинаның бір бөлшегі болып табыласыздар, себебі сіздердің араларыңызда украин мәдениетін көздің қарашығындай сақтап отырған, балаларына ана тілдерін үйретіп жүрген адамдар бар», деді В.Гайдукевич өз сөзінде.