Елордалық жолдарда көлік қозғалысы шектеледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада 4-20 мамыр аралығында жол төсемін ауыстыру жұмыстарын жүргізуге байланысты Қордай көшесінің Қошқарбаев көшесінен Ахметбеков көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы тоқтатылады.

Елордалық жолдарда көлік қозғалысы шектеледі

«Елорда тұрғындары мен қонақтарынан айналып өту жолдарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз», делінген елорда әкімдігі таратқан қабарламада.