Елордалық жүргізушілер демалыс күндері жол ережесін 1300-ден астам рет бұзды

АСТАНА. 25 ақпан. ҚазАқпарат - Елордалық жүргізушілер демалыс күндері жол ережесін 1306 рет бұзды, деп хабарлады Астана қалалық ІІД Жол полициясы басқармасынан.

Елордалық жүргізушілер демалыс күндері жол ережесін 1300-ден астам рет бұзды

Ведомствоның атап өтуінше, 150 жүргізуші жылдамдық режімін асыра көлігін жүйткісе, 27-сі қозғалыстың қарсы бетіне шығып кеткен. Ал 81-і көлігін басқарып келе жатып ұялы байланысты пайдаланған, тағы 165-і жол жиегіне қоқыс тастаған. Сондай-ақ 131 жүргізуші қауіпсіздік белдігін тақпаса, 234-і жаяу жүргіншіге жол бермеген.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 473-бабына сәйкес, жол ережесін бұзғаны үшін 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (8655 теңге), ал бірнеше рет бұзғаны үшін 15 АЕК (25965 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 3 тәулікке әкімшілік тұтқынға алу көзделген.