Елордалық жылжымалы денсаулық пункті «Сенім» шағын ауданының тұрғындарын тексерді
АСТАНА. 22 тамыз. ҚазАқпарат - №4 қалалық емхана мен жылжымалы медициналық кешен (ЖМК) Астананың шалғай жатқан ауданы «Сенім» ОДА болып қайтты. Бұл туралы astana.kz сайтына Денсаулық сақтау басқармасынан хабарлады.
Кешенде рентген, УДЗ, ЭКГ орнатылған, онда тар шеңберлі мамандық дәрігерлері жұмыс істейді. Медицина қызметкерлері жедел әдіс арқылы қандағы қант деңгейін анықтап, артериалдық қысымды өлшеп, қажет болған жағдайда, негізінен жоғары көрсеткіштер тіркелгенде, консультациялар берді.
Еске салайық, «Саламатты Қазақстан-2030» бағдарламасы аясында елімізде ауруды таралудың ерте кезеңінде анықтау үшін скринингтер өткізіледі. Халыққа жоспарлы медициналық тексеру жүргізіледі. Бұл түрлі сырқаттардың алдын алады және анықталған ауру уақытылы емдеуге мүмкіндік береді. Қала тұрғындары емханаларға барса, шалғай жатқан ауыл тұрғындары үшін бұл қиынға соғады. Бұл үшін жылжымалы медициналық кешен қызмет көрсетеді. Соның арқасында халықты алдын алу скринингтік тексерулермен қамту 70-75 пайызға жетіп отыр.
Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, қазіргі уақытта көшпелі медициналық кешен Көктал кентінде орналасқан.