Елордалықтар ашық аспан астындағы кинотеатрдан қандай фильм көре алады
17 тамыздан даладағы авто-кинотеатр форматында болатын Nur-Sultan Auto-cinema Festival қайта жанданды. Енді қала тұрғындары мен қонақтары кинотеатрдан шетелдік немесе отандық кино картиналарды тегін тамашалай алады.
Фестивальде ұйымдастырушылар эпидемиологиялық жағдайды ескеріп, ешқандай қатынассыз тіскебасарлар мен салқын шырындар жеткізуді қамтамасыз етеді.
«Авто-кинотеатр аумағына келушілер барлық санитарлық нормаларды ұстануы тиіс, өзімен бірге медициналық бетберде мен қолғаптардың болуы, әлеуметтік арақашықтықты ұстанғаны жөн»,-дейді ұйымдастырушылар.
19 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:
20:30 «Путешественник» (режиссёрі Нияз Абдигапар)
22:00 «Счастливое число 5» (Игорь Тувери)
20 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:
20:30 «Свадьба на троих» (режиссёрі Асқар Бисембин)
22:30 «Мэнди» ( режиссёрі Панос Косматос)
21 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:
20: 30 «Қыз» ( режиссёрі Қанағат Мұстафин)
22:25 «Шпионская игра» ( режиссёрі Бен Луин)
22 тамызда көрсетілетін фильмдер кестесі:
20:30 «Дети солнца» ( режиссёрі Нияз Абдигапар)
22:40 «Мы всегда жили в замке» ( режиссёрі Стэйси Пассон)
Аталған шара «Astana Arena» стадионының Қабанбай Батыр даңғылына қарайтын көлік тұрағында өтетін болады.