Елордалықтар бір ай бойы тегін заңдық қызметтер көруге мүмкіндік алады

«Осы күндері азаматтарды: Әділет департаменті азаматтардың хал актілерін тіркеу және апостилирлендіру жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің жетекшісі Г.Сағындықова қабылдау жүргізеді (мекен-жайы Жеңіс даңғылы, 15)»,- деп хабарлайды департаменттің баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, тұрғындарды қабылдау қаланың үш ауданында да өткізіледі. Алматы ауданында Иманов көшесі, 31 мекен-жайында Алматы ауданы әділет басқармасының жетекшісі А. Рақышев қабылдайды, Есіл ауданында ауданның әділет басқармасының жетекшісі А. Нұғыманова Сарайшық көшесі, 11 мекен-жайында қабылдайды. Сарыарқа ауданында тұрғындардың сауалына Сарыарқа ауданы әділет басқармасының жетекшісі А. Әлиева жауап береді. Бұл Сейфуллин көшесі, 29 мекен-жайында орналасқан.
Ведомстводан мәлім еткендей, тұрғындарды қабылдау күн сайын сағат 9.00-18.30 аралығында жүргізіледі. (13.00- 14.30 үзіліс уақыты). Сенбі, жексенбі - демалыс күндер.