Елордалықтар «Достық бірліктен басталады» интернет-жобасына қатысады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада «Достық бірліктен басталады» атты интернет-жобасы қолға алынды.
Астана қаласы Ішкі саясат басқармасынан astana.kz сайтына хабарлағандай, жобаға қатысуға өтінімдерді қабылдау 20 шілдеге дейін жалғасады. Байқауға кез келген елорда тұрғыны қатыса алады. Бұл ретте бір адам өзінің 3 еңбегін ғана ұсына алады. Байқау үш бағытта өткізіледі: «Астана бейбітшілік пен келісім қаласы» атты фото, карикатуралар, «Үздік блогер». Барлық жұмыстар Астана мен көп ұлтты Қазақстан тақырыптарына арналуы тиіс.
Байқау комиссиясы өтінімдерді іріктейді, ал қала тұрғындары жеңімпаздарды анықтайды. Қатысушылардың тізімі бекітілгеннен кейін Ішкі саясат басқармасының www.uvp.kz және ҮЕҰ қолдау орталығының www.npo-astana.kz сайттарында ресми дауыс беру басталады. Содан кейін байқау қорытындысы шығарылып, жеңімпаздардың есімдері жарияланады. Шараның басты мақсаты - жастарды әртүрлі халықтар мәдениетімен, салттарымен, тарихы мен қазіргі ахуалдарымен таныстыру.