Елордалықтар көбінде қандай аурулардан көз жұмады - статистика

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Астана тұрғындарының басым бөлігі жүрек дертінен көз жұмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалықтар көбінде қандай аурулардан көз жұмады - статистика

«Қаңтар-мамыр аралығында Нұр-Сұлтан қаласында 2 331 адам қайтыс болды. Яғни, әр 1000 адамның төртеуі көз жұмады. Халық өлімінің негізгі себептері - жүрек-қан тамырлар аурулары (22,9%), ағзада жаңа ісіктердің пайда болуы (17,3%), улану және жарақаттану сияқты жазатайым оқиғалар (7,8%), тыныс алу органдарының аурулары (6,2%)», - деп бас қаланың демографиялық ахуалын мәлімдеді Ұлттық статистика бюросы.

Ал, биылғы бес айда елімізде 1300-ден аса нәресте шетінеген. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, елде туған 1000 сәбидің 8-і шетінейді.