Елордалықтар «Нұрлы Есіл» мультимедиялы-пиротехникалық шоуын тамашалады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада алғаш рет «Нұрлы Есіл» мультимедиялы-пиротехникалық шоу өтті, деп хабарлады www.24.kz.

Елордалықтар «Нұрлы Есіл» мультимедиялы-пиротехникалық шоуын тамашалады

Бірегей шарада ең соңғы заманауи қондырғылар орнатылып, көрермен қауымға таңғажайып мереке сыйлады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл айрықша көрініс. Өзенге орнатылған тұғырдан симфониялық оркестр ойнап, шоудың әсерін арттыра түсті. Олар қазақтың халық әндері мен заманауи классикалық әуендерін орындады. Сахнаның айналасына субұрқақтар қойылып, жаңа лазерлік технологиялардың көмегімен жарқын бейнероликтер көрсетілді.

Айта кетейік, аталған шоу ертең де жалғасын таппақ.