Елордалықтар сенбілік кезінде 16 мың ағаш егеді - Ә.Жақсыбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков 100 мың астаналықпен бірге жалпықалалық сенбілікке шықты.
«Бүгін қала бойынша 16 мыңнан астам ағаш егіліп, барлық көшелер тазаланатын болады. Бүгінгі сенбілікке шыққан барлық елордалықтарға шынайы ризашылығымды білдіремін. Өз қалаңды таза ұстау оның тұрғындарының да зор жауапкершілігі деп білемін», - деген қала басшысы ҚР Ұлттық музей жанындағы саябаққа өз қолымен сібір шыршасын отырғызды.
Айта кетерлігі, сенбілікке 100 мыңнан астам адам қатысуда, соның ішінде 4000-ға жуық кәсіпорын мен ұйым, 200-ден астам денсаулық сақтау және білім мекемесі, 130-дан артық мемлекеттік мекеме, ведомстволар мен ұлттық компаниялар бар. Қалалық коммуналдық қызметтерден 885-ке жуық техника бірлігі тартылған.
Сонымен қатар, студенттер мен әскери бөлімшелердің әскери қызметкерлерін тарта отырып, Есіл, Ақбұлақ және Сарыбұлақ өзендерінің арналары қоқыс пен тұрмыстық қалдықтардан тазартылуда.