Елордалықтар «спорттық уикэндке» қатысты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы елордалықтар мен қала қонақтары үшін «спорттық уикэнд» ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Елордалықтар «спорттық уикэндке» қатысты

Іс-шара барысында мамандар тұрғындарға сауықтыру жаттығулары бойынша шеберлік сабағын өткізді.


«Фитнес-нұсқаушы Мұхаммед Баяков пен кикбоксингтен спорт шеберіне кандидат Нұрсұлтан Сейілханұлы шараға арнайы шақырылды. Олар «Mega Silkway» сауда, ойын-сауық орталығына келген жұртқа үй жағдайында және жұмыстағы үзіліс уақытында жасауға болатын тиімді жаттығу түрлерін көрсетті», - делінген ұлттық орталықтың баспасөз қызметі таратқан мәліметте.


Сонымен қатар, сауда, ойын-сауық орталығына келушілер халықаралық деңгейдегі жаттықтырушы Мадина Бейсекеева жетекшілік ететін MB Dance студиясының би бағдарламасына қатысып, вог, хип-хоп хорео, папинг, джаз фанк, брейк-данс, дэнсхол және тағы да басқа би түрлеріне бейімдіктерін сынады.