Елордалықтар табиғаттың тосын мінезіне бой үйретті
АНА. 17 ақпан. ҚазАқпарат - Елордалықтар табиғаттың тосын мінезіне, жазда - қарына, қыста - жаңбырына да бой үйретті.
Бүгін Астана тұрғындары табиғаттың кезекті таңғажайыбына куә болды. Ауа райы күрт өзгеріп, 1962 жылы байқалған +0,5 градустық жылылық орын алды әрі жаңбыр жауды. Бұл ақпаратты «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметі таратып отыр.
Жаңбыр арты шұғыл қарға айналып, қатты жел тұрды. Қазірдің өзінде температураның төмендеуі байқалады, кешке қарай -10 градус суық болатындығы күтілуде. Ал түнде -15 градус суық болмақ. Бұл жолдарда көктайғақ болуына әкеледі.
Сондықтан «Қазгидромет» жолдарда абай болуға және қаладан тысқары шықпауға кеңес береді.