Елордалықтарды елеңдеткен елік ұсталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгін таңертең елорда жұртышылығын елең еткізіп, қала көшесінде шапқылаған елік ұсталды.

Елордалықтарды елеңдеткен елік ұсталды

Бұл жайында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет Facebook - парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елік ұстадық. Қазір мамандар жануардың жай-күйін тексеріп жатыр. Одан кейін оны табиғи тіршілік ету ортасына жіберу мәселесін шешеміз», - деді Сәкен Ділдахмет.

Бұған дейін ҚазАқпарат ЭКСПО маңында еліктің шауып жүргендігін хабарлаған болатын.



фото:
Сакен Дилдахмет