Елордалықтарға тегін рецепт бойынша 3,35 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі берілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан 1 мамырға дейінгі кезеңдеНұр-Сұлтан қаласында 116 060 пациент 3,35 млрдтеңге сомасына 282 059 тегін рецепт бойынша дәрі-дәрмек алды, - деп хабарлайды «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.

Елордалықтарға тегін рецепт бойынша 3,35 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі берілді

«Амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы № 666 « Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамасыз етілуге, оның ішінде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар азаматтардың жекелеген санаттарын, амбулаториялық деңгейде тегін және (немесе) жеңілдікпен берілетін дәрілік заттардың, медициналық бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жүзеге асырылған.

Оның ішінде:

Пациент

Рецепт

Сомасы

ТМККК

103 106

265 754

2 785 548 799,20 тенге

МӘМС ересектер

7 407

9 346

386 258 846,30 тенге

МӘМС балалар

5 547

6 959

178 632 346,47 тенге

Олардың ішінде МӘМС жүйесінде дәрі-дәрмекпен қамтылған балалар: Жіті респираторлық инфекциямен – жоғарғы тыныс жолдарының аурулары бойынша – 915 бала және төменгі тыныс жолдарының аурулары бойынша – 1877 бала; Теміржетіспеушілігі анемииясымен 423 бала; Рахит ауруымен 203 бала; Пневмониямен 778 бала; Синуситпен/ бадамша безі (миндалин) және аденоид ауруларымен 225 бала, т.б.

Амбулаториялық қамтамасыз ету бұйрығына сәйкес, емхана дәріханаларында балаларға МӘМС жүйесінде тегін берілетін барлық (антибиотиктер, ыстық түсіретін препараттар, темірқұрамды препараттар, сондай-ақ басқа да спецефикалық препараттар және т.б.) қажетті дәрілер бар.

«COVID-19 короновирус инфекциясымен күрес аясында амбулаториялық деңгейде (нозология: Короновирустық инфекция; МӘМС - ауруханадан тыс пневмония (ересектер), балаларда – пневмония, жоғарғы және төменгі тыныс жолдарының жіті қабыну инфекциялары бойынша, ақпараттық жүйедегі деректерге сай, 2021 жылдың 4 айында 53,67 млн теңге сомасына 13 645 рецепт бойынша 10 338 пациент антибактериалдық, ыстық түсіретін препараттармен және антикоагулянттармен қамтамасыз етілген. Оның ішінде: COVID-19 коронавирус инфекциясы. U07.1; Коронавирус COVID-19, идентификацияланбаған вирус (U07.2) диагноздары бойынша 45,3 млн теңге сомасына 7 198 рецептімен 5 035 пациент дәрілік заттармен қамтамасыз етілді» - деп атап өтті Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының елорда филиалының директоры Н.Қабдықапаров.

Қандай да бір сұрақтар туындаған жағдайда Қордың елордалық филиалына 1406 байланыс орталығы немесе Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Telegram-дағы SaqtandyryBot, Қордың fms.kz сайты арқылы хабарласуға болады.