Елордамызда ШЫҰ туралы кітаптың тұсаукесері өтті
Астана қаласында ШЫҰ Бас хатшысы Р. Әлімовтің «Шанхай ынтымақтастық ұйымы: қалыптасуы, дамуы, келешегі» атты кітабының ресми тұсаукесері өтті.
Отандық теле және радио арналарында тікелей эфирде жүрізілген тұсаукесер рәсімі қоғамда үлкен қызығушылыққа ие болды. Тұсаукесер салтанатына түрлі лауазымдық тұлғалар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ барлық мүшелердің тең құқықтары қағидаттарының негізі қалынған әмбебап сипаттағы халықаралық ұйым. Ол - әйгілі, абыройлы және әмбебап халықаралық бірлестік, аумақты қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз етудің әсерлі факторы. Соның нәтижесінде ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер арасында конструктивті стратегиялық серіктестік қатынастар құрылды. Оған қоса, осының негізінде бүгінгі таңда ШЫҰ өзінің жетістіктерімен, қарыштап даму үдерісімен дүниежүзілік жұртшылықтың көңілін өзіне аударуда. Ал оған деген жоғары деңгейлі сенімділік ШЫҰ жаңа үлгідегі ұйымға, халықаралық қатынастардың көпполярлық жүйесін қалыптастыратын қызығушылық тудыратын орталықтардың біріне айналдырды. Сандарды сөйлететін болсақ, 2016 жылға ШЫҰ мүше мемлекеттерінің өзара жиналған инвестициялары 40 млрд. АҚШ долларынан асты.
Айта кету керек, Р. Әлімовтің хабарлауынша кітапта көпжақты ынтымақтастықтың әр-түрлі бағыттарындағы 15-жылдық тарихы бар ынтымақтастық қызметі туралы білім жинақталды. Сондай-ақ, ШЫҰ-ның тарихы мен халықаралық бірлестік ретінде толыққанды қалыптасу кезеңдері, ұйымға мүше мемлекеттердің көп жоспарлы ынтымақтастығының қалыптасу және бекітілу кезеңдері туралы толыққанды ақпарат көрсетілген. Оның ішінде ШЫҰ бірігуі, құрылымы және негізгі органдарының функциялары, олардың құзыретінің аясындағы ынтымақтастықтың негізгі бағыттары туралы мәліметтер берілді.
ШЫҰ Бас хатшысының айтуынша, кітаппен танысу кезінде оқырман он бес жыл ішінде өткен-кеткен тарихи сәттермен кеңінен танысады. ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттер көшбасшыларының көзқарастарымен, саяси тұрақтылықтың кепілі болатын, қауіпсіздікті қамтамасыз ететін ірі аймақтық қатынастық жүйемен, ШЫҰ елдерінің бірігіп дамуы мен гүлденуін алға қойған сауда-экономикалық ынтымақтастық қағидалары туралы ақпаратпен сусындайды.
Естеріңізге сала кетейік, ШЫҰ қызметінің басымды бағыттарының бірі - нашақорлық қауіпімен күрес. ШЫҰ мүше мемлекеттері соңғы бес жыл ішінде 69 тонна қырғынға ұшырататын героинды қолданыстан шығаруға мүмкіндік берді. Осыны ескере отырып, кітаптың жеке бөлімі ШЫҰ-ның негізгі міндеттері болып табылатын аймақтық қауіпсіздік пен тұрақтылыққа, террориз, сепаратизм мен экстремизмге қарсы тұруға, заңсыз нашақорлық айналымы мен трансшекаралық ұйымдасқан қылмыстықпен күреске арналған.
Сондай-ақ, кітап халықаралық қатынас пен сыртқы саясат мәселелеріне қызығушылық білдіретін, саясаткерлерге және дипломаттар, оқытушылар, студенттер мен аспиранттар, сондай-ақ оқырмандардың үлен ортасының назарына ілігуі мүмкін. Онда 15 жылдың ішінде өткізілген басшылар саммиті мен мүше-мемлекеттер басшыларының кездесулерінің нәтижесінде қабылданған шешімдер мен қол-қойылған құжаттар алғаш рет хронологиялық тәртіппен көрсетілді. Сонымен қатар, басылымда ағылшын тілді сарапшылардың, саясаткерлердің және БАҚ өкілдерінің жалпы Ұйымға және оның ішіндегі өзара әрекеттесу деңгейінің дамуына көзқарасы көрсетілген.