Елорданың қай көшелерінде біржақты қозғалыс енгізіледі
АСТАНА. KAZINORM – Елорда әкімдігі қаланың қай көшелерінде көліктер үшін біржақты қозғалыс енгізу жоспарланғанына қатысты мәліметі жариялады.
«Қонаев, Достық, Түркістан және Ақмешіт көшелері бойымен біржақты қозғалыс жобасын қарастыру аясында бүгінде сараптау, проблема болуы мүмкін учаскелерді және жобаны енгізу барысындағы шығындарды төмендету нұсқаларын анықтау процедуралары жүргізіліп жатыр», - делінген агенттік сауалына берілген жауапта.
Әкімдіктің атап өтуінше, қазіргі уақытта қозғалыс легінің электронды көлік моделі әзірленген.
«Тәжірибеде біржақты қозғалыс көшенің өткізу қабілетін арттыруға және жолға кететін уақытты төмендетуге мүмкіндік береді. Дегенмен, жапсарлас көлік-жол желілеріне әсерін төмендету үшін жан-жақты сараптама қажет», - деп нақтылайды әкімдіктен.
Аталған көшелердің бойында тұрғын үйлер мен кеңсе-жайлардың көп болуына байланысты, сонымен қатар халықпен кері байланыс орнатып, әлеуметтік шиеленісті төмендету мақсатында алдын ала қоғамдық талқылау мен тыңдау өткізіледі. Соның негізінде түпкілікті шешім қабылданады.