Елорданың орталық саябағында шаңғы маусымының ашылуы өтеді

АСТАНА. KAZINFORM — Астанада 22 желтоқсан күні орталық саябақтағы шаңғы-роллер трассасында шаңғы маусымының ашылуы өтеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

шаңғы
Фото: Астана әкімдігі

— Бұл — таза ауада шаңғымен жүріп, ұлттық ойындар бойынша тартысты бәсекеге қатысуға және күні бойы қуат алуға тамаша мүмкіндік. Жарыста ұлттық ойындар бойынша қол күрес, белбеу күрес, гір көтеру, арқан тартыс сияқты ойындар ойнатылады, — деп атап өтті әкімдік.

Қатысу шарттары:
• Өз шаңғыларыңыз болуы міндетті.

Қатысу тегін, бірақ орын шектеулі. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы медальдар, дипломдар мен бағалы сыйлықтар табысталады. Финишке жеткендерге арнайы медаль беріледі.

Айта кетейік, бұған дейін Астанада жаңажылдық отшашу болатыны айтылды.

Соңғы жаңалықтар