Елорданың жедел жәрдем дәрігерлері пациенттерге таксимен де бара береді

жедел жәрдем
Фото: Astanovka98

АСТАНА. KAZINFORM — Елорданың жедел медициналық жәрдем станциясының дәрігерлері ендігі уақытқа пациенттерге таксимен жетеді. Бұл ақпаратты Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы растады.

«Күту уақытын қысқарту мақсатында қалалық жедел медициналық жәрдем станциясы көлік құралдарын жалдау шартын жасасты. Мұндай көлік құралдары жедел жәрдем бригадасы жеделдіктің 3-4 санаты бойынша шақыртуларға шығуы үшін қарастырылған. Аталған санаттар бойынша пациентті тасымалдау, сондай-ақ көлікті медициналық жабдықтармен жарақтандыру талап етілмейтінін атап өткен жөн», — деп атап өтті Астана қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан.

 

Соңғы жаңалықтар