Елорданың 10 жылдық тарихына арналған «Астана» энциклопедиясы жарық көрді

АСТАНА. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - Бүгін Тәуелсіздік сарайында еліміздің бас қаласы – елорданың 10 жылдық тарихына арналған «Астана» энциклопедиясының тұсаукесері өтті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Астана қаласы әкімінің орынбасары Әмірхан Рақымжановтың атап көрсеткеніндей, қала әкімдігінің тапсырысымен дайындалған энциклопедия қазақ және орыс тілдерінде 20 мың дана көлемінде «Атамұра» баспасынан шығарылды. Онда қаланың тарихы, өткені және бүгінгі экономикалық жағдайы, тұрғындарының саны мен құрамы, мәдениеті мен білімі, сәулетті кешендері мен қала құрылысы, табиғаты мен табиғи ресурстары, сондай-ақ Астананың тарихымен тығыз байланысты тарихи тұлғалар, оның гүлденуіне салмақты үлес қосып жатқан ғылым, білім, мәдениет, өнер, медицина және басқа да сала мамандарының өмірі мен қызметі жөнінде жеке мақалалар берілген. «2008 жылы көпұлтты Қазақстан, әсіресе, елордалықтар Астананың 10 жылдық мерейтойын кеңінен атап өтті. Бұл тарихи мекенде маңызды шешімдер қабылданып, халқымыздың ұзақ ғасырлар бойғы армандары жүзеге асырылуда. Елдің көптеген аймақтарының миллиондаған тағдырлары осында тоғысып, елорданың тыныс-тіршілігімен біте қайнасып жатыр», - деді ол. Энциклопедияның бас редакторы, ғылыми-редакциялық кеңестің төрағасы - Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов. Ал кеңестің мүшелері ? С.Әбдірахманов, Б.Әбдрайымов, М.Жолдасбеков, М.Құл-Мұхаммед, М.Серғалиев, А.Смайыл және тағы басқалар. Кітаптың таныстырылымына ҚР Парламентінің депутаттары, зиялы қауым өкілдері, белгілі ақын-жазушылар, өнер, мәдениет және білім қайраткерлері қатысты.
Соңғы жаңалықтар