Елорданың 2 көшесінде бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың 2 көшесінде бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізіледі. Бұл туралы бүгін Астана қалалық жолаушылар көлігі басқармасының бастығы Еділ Сүлейменов мəлім етті.
None
None

"Астана қаласы жолдарының көлік өткізу əлеуетін ұлғайту бағытында кешенді жұмыстар жүргізілуде. Оның ішінде бір бағыттағы көлік қозғалысын жолға қою, қоғамдық көліктерге арнайы жолақтар белгілеу бар. Жүргізілген көліктік кешенді сараптаманың негізінде қаланың бес учаскесінде бір бағыттағы көлік қозғалысын енгізу қажеттілігі анықталды",- деді ол.
Оның айтуынша, бұл жұмыс екі кезеңмен жүргізіледі. Бірінші кезең 28 мамырдан бастап жүзеге асырылып, Əуезов көшесі бойында Республика даңғылынан Молдағұлова көшесіне дейін, Желтоқсан көшесінде Мəскеу көшесінен Кенесары көшесіне дейін бір бағыттағы көлік қозғалысы енгізіледі. "Екінші кезең 2016 жылдың 10 маусымынан басталады. Бір бағыттағы көлік қозғалысы үш көшеге енгізіледі. Олар Абай, Кенесары жəне Янушкевич көшелері. Абайда Сарыарқадан Пушкинге дейін, Кенесарыда Пушкиннен Сарыарқаға дейін, Янушкевичте Абайдан Иманов көшесіне дейін",- деді Е. Сүлейменов..

Соңғы жаңалықтар